Олигополиямен күрес: миллиардтаған ақша тұратын "алтын учаскелер" қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олигополиямен күрес: миллиардтаған ақша тұратын "алтын учаскелер" қайтарылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысының прокуратурасында былтырғы жұмыс қорытындылары туралы айтылды. Атап айтқанда, қадағалау актілері бойынша мемлекетке құны 9 миллиард теңге болатын мүлік қайтарылды. Бұл негізінен олигополия субъектілеріне тиесілі мүлік, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының прокуратурасында былтырғы жұмыс қорытындылары туралы айтылды. Атап айтқанда, қадағалау актілері бойынша мемлекетке құны 9 миллиард теңге болатын мүлік қайтарылды. Бұл негізінен олигополия субъектілеріне тиесілі мүлік, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ауданы 80 мың гектар 115 жер телімі қайтарылған. Оның ішінде: "Олигополия субъектілеріне тиесілі Каспий теңізінің бойындағы алтын учаскелер" бар.

"Тығыз құрылыс бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді, прокурорлық қадағалау шаралары бойынша сот арқылы 32 заңсыз нысан бұзылды, үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан үшін 35 құрылыс салушы айыппұл ретінде әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 құрылыс салушыны құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиясынан айырылды. Құрылыс нормаларын бұзғаны үшін құрылыс салушылардың 17 инженерлік қызметтеріне 6 айға қызметті тоқтату түрінде шаралар қабылданды", - делінген хабарламада.

5 миллиард теңге сомасына заңсыз сатып алулар жойылды, 200-ден астам тапсырыс беруші әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

500 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын ұрлау деректері анықталып, 5 с талды тергеп-тексеру бойынша түпкілікті процессуалдық шешімдер қабылданып, тұлғалар кінәлі деп танылып, сот үкімі шығарылған.

Жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп жалпы сомасы 100 миллиард теңгеге 7 инвестордың мәселелері оң шешімін тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети