05 ақпан 2014 18:27

Олимпиаданы заңсыз көрсеткен арна жауапқа тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінің төрағасы Сочи Олимпиадасының заңсыз ретрансляциясы үшін қандай жауапкершілік қарастырылатынын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Барлық кабель операторының, спортбарлардың, басқа да қоғамдық мекемелердің бәрінің назарына: биыл Олимпиаданы көрсету құқығын "Хабар" және KAZsport телеарналары алғанын еске саламын. Егер басқа телеарна Олимпиададан қандай да бір бейнеконтентті, бейнесюжетті көрсеткісі келсе, авторлық құқықтар жөніндегі талаптарды еріксіз бұзып алмау үшін "Хабар" заңгерлерінен кеңес алғаны дұрыс", - деді Болат Қалианбеков Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. Комитет төрағасының айтуынша, Олимпиада көрсетілімінен алынған кез келген әуесқой бейнематериал заңсыз трансляциямен теңестіріледі. "Рұқсат етілмеген трансляция дерегі анықталған жағдайда құқықты қорғау жөніндегі материал заң бұзушыға шара қолдану үшін заңнамаларға сәйкес тиісті орындарға жолданады", - деді Қалианбеков. Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитет төрағасы Абзал Естаев өз кезегінде барлық мәселе сот тәртібі бойынша қаралатынын айтты. Болат Қалианбеков Олимпиаданың ашылу салтанаты 7 ақпан күні "Хабар" және KAZsport телеарналары эфирінен сағат 22.00-де тікелей көрсетіліп, 3,5 сағатқа созылатынын атап өтті. Ал жабылу салтанаты 23 ақпан күні сағат 22.00-де көрсетіледі. "Барлығы 190-нан астам трансляция жоспарланып отыр, жалпы хронометражы - 350 сағат. Сайыстар кестесіне қарай кейбір күндері хабар тарату тәулігіне 24 сағатқа созылуы мүмкін. Сол себепті қазақстандық телекөрермендер мен жанкүйерлердің Олимпиаданы қазақ және орыс тілдеріндегі түсіндірмелермен бірге жеткілікті деңгейде тамашалауға толық мүмкіндік болады", - деді ол. Ақпарат және мұрағаттар комитеті төрағасының мәліметінше, алғашқы трансляция 6 ақпан күні сағат 11.55-те KAZsport арнасынан көрсетіледі, ол - сноуборд бойынша іріктеу сындары. Болат Қалианбеков Олимпиададан хабар беруге елімізден барлығы 47 журналист тартылғанын, оның ішінде, 15-і тұрақты пулға енгенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети