Олжас Бектенов Алматыны сумен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Алматыны сумен қамтамасыз ететін резервтік жүйе салу барысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Алматыны сумен қамтамасыз ететін резервтік жүйе салу барысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметі.

Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Алматыға барды. Негізгі мақсат – Мемлекет басшысының инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау және индустриялық негізді нығайту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қадағалау.

Сорғы станциясы аумағында Үкімет басшысы мегаполистің жоғарғы аудандарын сумен қамтамасыз етудің резервтік жүйесін салу жұмысының қарқынын тексерді. Жобаның маңызы жер үсті суларына тәуелділікке байланысты. Бұған дейін 2023 жылғы 18 тамызда Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте селдің көбеюі және өзен суы лайлануының артуына байланысты Президент қаланың жоғарғы бөлігіне ауыз су беруді шектемеу үшін аталған мәселені шешуге тапсырма берген болатын.

Мәселен, Алматы 6 негізгі көзден: Үлкен және Кіші Алматы, Ақсай, Қарғалы өзендерінен және Алматы мен Талғар кен орындарының жерасты су жинағышы арқылы сумен қамтамасыз етіледі. Қала тұрғындарын сумен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Талғар жерасты су жинағышынан тәулігіне 17 мың м3 көлемінде қолданыстағы желілерді қосымша толықтыруға жағдай жасалды. Жоба қуаттылығы 15 мың м3 болатын жаңа 6 ұңғыма салуды және қуаттылықты 60 пайызға арттыра отырып, 6 сорғы станциясындағы 14 сорғыны толық ауыстыруды көздейді. Қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин Президенттің резервтік жүйе туралы тапсырмасының орындалғанын баяндады.

Сонымен қатар, премьер-министрге Алматы қаласының барлық тұрғынын орталықтандырылған сумен қамту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысы туралы баяндалды. Былтыр 117 шақырым су құбыры салынып, 46 шақырымы жаңғыртылды, бұл Алматы тұрғындарының 99,3 пайызын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Алатау, Бостандық және Наурызбай аудандарының тұрғындарын сумен қамту мәселесін шешу үшін 4 су жинағыш құрылысы мен жобасы жүргізілуде. Биыл 142 шақырым инженерлік коммуникация салу және 48 шақырым желіні жөндеу жоспарланған. Қабылданған шаралар жыл соңына дейін тұрғындардың 99,6 пайызын орталық сумен қамтуға және желілердің тозу деңгейін 53,8 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Үкімет басшысы халықтың ауыз суға қол жеткізуінің маңыздылығын атап өтіп, инженерлік инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

"Сумен қамту – стратегиялық мәселе. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеуі – әкімдіктің басты міндеті. Өткен жазда мәселе бар екені байқалды. Сондықтан барлық басталған жобаларды аяқтау маңызды. Әкімдік әзірлеп жатқан Алматы қаласын сумен жабдықтау схемасында тұрғывндарды сумен түрлі баламалы көздерден қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі тиіс",- деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro