23 қаңтар 2017 | 13:02

Олжас Сүлейменов "Байтақ болашақ" экоальянсының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олжас Сүлейменов "Байтақ болашақ" экоальянсының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Олжас Сүлейменов "Байтақ болашақ" экоальянсының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның экологиялық проблемаларымен айналысатын "Байтақ болашақ" экоальянсының жанынан құрылған Ақсақалдар кеңесіне елімізге танымал зиялы қауым өкілдері мүше болып қабылданды. Зиялы қауым өкілдерінен тұратын кеңеске Олжас Сүлейменов төраға болып сайланды.

Кеңеске Экоальянсқа қамқорлық бағыт сілтейтін зиялы қауым өкілдері тартылды. Олардың қатарында Олжас Сүлейменов, Төрегелді Шарманов, Амангелді Айталы, Тоқтар Әубәкіров, Асқар Жұмаділдаев, Фарид Галимов, Талғатбек Абайділдин, Мұрат Әуезов, Сейдахмет Құттықадам, Владислав Косарев, Ирак Елекеев, Сабыр Қасымов, Тарасенко Елена, Хасен Қожахмет, Мэлс Елеусізов, Кәріпбек Күйіков, Махамбет Хакимов, Орақ Әлиев, Зейнулла Алшынбаев, Мұхтар Төлеутаев, Қойшығара Салғарин және тағы да басқа белгілі қоғам қайраткерлері бар.

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып Альянстың құрметті президенті Олжас Омарұлы Сүлейменов сайланды.

Кеңестің алғашқы отырысы Қоршаған орта мен экологияның жағдайын талқылаумен бірге Экоальянстың 2017 жылға бағытталған жұмыс жоспарын мақұлдады.

Айта кетейік, зиялы қауым өкілдерінің басып қосып, экологиялық проблемаларға алаңдаушылық білдіріп отырған "Байтақ болашақ" экоальянсы 2016 жылғы қазан айында қоғам белсендісі, белгілі бизнесмен, меценат Азаматхан Әміртаевтың бастамасысмен құрылған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети