Бүгін 80 жасқа келіп отырған ақын, жазушы Олжас Сүлейменовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Бүгін 80 жасқа келіп отырған ақын, жазушы Олжас Сүлейменовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл жарлыққа Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 18 мамырда қол қойды. "Отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін", - делінген Жарлықта. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.