Олланд Назарбаевқа Ресейге қатысты санкциялардан бас тарту мүмкіндігі туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олланд Назарбаевқа Ресейге қатысты санкциялардан бас тарту мүмкіндігі туралы айтты ©Тұрар Қазанғапов

Франция президенті Франсуа Олланд Нұрсұлтан Назарбаевқа Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы санкциялардан біртіндеп бас тарту мүмкіндігі туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Франция президенті Франсуа Олланд Нұрсұлтан Назарбаевқа Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы санкциялардан біртіндеп бас тарту мүмкіндігі туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Франсуа Олландпен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан мен Франция басшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуалға қатысты 12 ақпандағы Минск келісімін жүзеге асыру жөніндегі кешенді шараларды атқару аясында пікір алмасты.

Екі ел президенттері Минск келісімі қазірдің өзінде қантөгісті тоқтатуға ықпал еткеніне тоқталды. Қақтығыс аумағынан ауыр техниканы әкетудің маңыздылығы атап өтілді. "Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы санкцияларды біртіндеп алу үшін қажетті шарттарға көңіл аударды. Франсуа Олланд оқ ату толық тоқтатылып, ауыр техника әкетіліп, Мариуполь төңірегіндегі қақтығыс басылған жағдайда санкцияларды азайту мәселесі талқылануы мүмкіндігін айтты", - делінген хабарламада. 

Екі ел көшбасшылары Украинадағы дағдарысты реттеу мәселесі бойынша халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ әңгіме барысында Қазақстан-Франция стратегиялық серіктестігінің келешегі талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Францияға биыл сапармен келуге шақырғаны үшін Франсуа Олландқа алғыс айтты. Телефон арқылы сөйлесуге француз жағы бастамашылық етті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети