Оман туризм министрі Қазақстанға келуге ниетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оман туризм министрі Қазақстанға келуге ниетті ©Тengrinews.kz

Оман туризм министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келуге ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оман туризм министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келуге ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуырда Маскатта Қазақстан Республикасының елшісі Ержан Мұқаш Оман Сұлтанатының туризм министрі Ахмад бин Насер әл-Махризимен кездескен. Кездесу барысында қазақстан-оман қатынастарының даму келешегі талқыланды. Тараптар Қазақстан мен Оманның туризм саласын дамытуда ашылмаған әлеуеті бар деген ортақ тұжырымға келді.

ҚР елшісі әл-Махризиге Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесі мен Алматыда өтетін Универсиада-2017 халықаралық шараларын өткізуге дайындық барысы туралы әңгімелеп берді. Ол соған байланысты туризм саласында екіжақты ынтымақтастықты жақсартудың маңызын атап өтті. Қазақстан елшісінің айтуынша, мұның алғашқы қадамы - екі елдің жауапты ведомстволары басшыларының өзара сапарларын ұйымдастыру.

"әл-Махризи мырза өзінің Оманның Қазақстандағы елшісі ретінде Қазақстанда болған кезін жылы шыраймен еске ала отырып, тараптарға ыңғайлы уақытта біздің елімізге сапармен баруға ниет білдірді", - делінген хабарламада.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети