13 сәуір 2016 | 13:01

Омбудсмен каникулдың қысқаруы жөнінде білім және ғылым министріне үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Омбудсмен Асқар Шәкіров Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке мектептегі білім беру жүргізіліп жатқан реформасы бойынша үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Омбудсмен Асқар Шәкіров Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке мектептегі білім беру жүргізіліп жатқан реформасы бойынша үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.

"Білім Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шығарған Бес институционалдық реформасы мен Жүз қадамында қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін негіз болып табылады, бұл жайт осы мәселеге бөлінетін ерекше назарды айқындайды. Осылай, Президенттің 2016 жылдың 25 наурызында алтыншы шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында мектептерде бес күндік оқу аптасын енгізу жөнінде берген тапсырмасы Ұлт жоспарының мектеп оқуының стандарттарын жаңартуға бағытталған 76-шы қадамына сәйкес келеді", - делінген үндеуде.

Сонымен қатар, үндеуде құқық қорғау көзқарасынан, бұл бастаманың оқу жүктемесін оңтайландыру, қолайлы оқу жағдайын жасау және білім жүйесін дамыған елдердің стандарттарына сәйкес келтіру арқылы балалардың білім алу құқығын жүзеге асыру шарттарын жақсартатыны жайлы айтылған. "Қоғам мен БАҚ-та уәкілетті мемлекеттік органдардың осыған орай қабылдап жатқан кейбір әрекеттеріне қатысты пікірталас туындап, алуан түрлі көзқарастар білдірілуде. Сірә, Мемлекет Басшысының мемлекеттік аппараттың есеп берушілігін арттыру жөніндегі талабы бұл тұрғыдан осы тапсырманы жүзеге асыру бойынша қызметтің - ашық, ал оның уәждемелері  сенімді болғанын талап етеді. Сол сияқты бұл мәселе әрбір қазақстандық отбасыға қатысты болғандықтан, оның маңызы зор. Көптеген мектеп оқушыларының ата-аналары мен отбасылары оқу процесі мен білім жүйесіндегі өзгерістерді қадағалау үстінде", - делінген құжат мәтінінде.

Сонымен бірге, бұл мәселеде азаматтық қоғаммен, мектептермен, оқушылармен және олардың ата-аналарымен деген көзге көрінетін сұхбаттың болмауының бүгінде кейбір мүдделі тараптардың сын объектісіне айналғаны жазылған. Шәкіровтің айтуынша, оқу жылын ұзарту және мектептердегі жазғы демалысты қысқарту туралы хабарлама үлкен резонанс туғызды. Мұғалімдер, ата-аналар және қоғамның басқа топтары ортасында қарама-қарсы пікірлер айтылды, оның үстіне - әлеуметтік желілерде осы қадамға қарсы шығушылардың қолтаңбаларды жинай бастағаны туралы белгілі болды. Уәкілетті ведомствомен сұхбаттың болмауы кезінде осы пікірталастар енгізілетін шараның жалпыға түсінікті болуына кері әсерін тигізеді екен.

"Әрине, Елбасының кез келген басқа тапсырмаларына қатысты сияқты бұл тапсырма да жүйелі әдісті, алдын ала талдауды, жоғары дайындау мен ұйымдастыру деңгейін талап етеді, ал мемлекеттік органдар олардың нақты, мұқият тексерілген және біртіндеп іске асырылуына ерекше көңіл бөлуге тиіс. Заманауи мектеп бағдарламасында пәндер көп болып, кейбір пәндерді, мүмкін, алып тастауға не біріктіруге де болатын шығар, бірақ бес күндік оқу аптасына өту бойынша реформаның мәні оқу және демалыс күндерінің жай ғана механикалық түрде қайта таратылуынан тұрмай, керісінше, бағдарламаны қайта қарау мен оңтайландыруға әкелуге тиіс.
Әрине, Елбасының кез келген басқа тапсырмаларына қатысты сияқты бұл тапсырма да жүйелі әдісті, алдын ала талдауды, жоғары дайындау мен ұйымдастыру деңгейін талап етеді, ал мемлекеттік органдар олардың нақты, мұқият тексерілген және біртіндеп іске асырылуына ерекше көңіл бөлуге тиіс. Заманауи мектеп бағдарламасында пәндер көп болып, кейбір пәндерді, мүмкін, алып тастауға не біріктіруге де болатын шығар, бірақ бес күндік оқу аптасына өту бойынша реформаның мәні оқу және демалыс күндерінің жай ғана механикалық түрде қайта таратылуынан тұрмай, керісінше, бағдарламаны қайта қарау мен оңтайландыруға әкелуге тиіс.
Өкінішке орай, Министрлік осы уақытқа дейін қоғам алдында мұндай талдау нәтижелері туралы толыққанды ақпаратты жарияламаған, бұл дүйім жұртқа осындай жұмыстың мүлдем жүргізілмегені туралы қорытынды жасауға негіз береді. Ең соңында, жоғарыда айтылғанға байланысты азаматтық қоғам институттарының және Бала құқықтары туралы конвенцияның 12 және 13-баптарына сәйкес балаға қатысты барлық мәселелер бойынша өз пікірі мен көзқарастарын еркін білдіруге құқықтары бар балалардың пікірін тыңдау мүмкіндігімен осы мәселе бойынша кең және инклюзивті консультацияларды өткізуді орынды дұрыс деп санаймын. Балаларға байланысты мәселелерде ашықтықтың аздығы қоғамға өте ауыр тиеді", - делінген үндеуде.

"Құрметті Ерлан Кенжеғалиұлы! Жоғарыда айтылғанға байланысты, Сізге қаралатын мәселені пысықтау үшін, оның ішінде орталық деңгейде - мемлекеттік органдардың жанында құрылған қоғамдық кеңестер және мектептер деңгейінде - ата-аналар комитеттері аясында барлық ықтимал құралдарды қолдану, ашықтық пен жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы мәселені талдау өтінішімен жолығамын. Кері жағдайда, уақтылы емес және жеткіліксіз пысықталған қадамдар белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін кедергі болуы мүмкін", - делінген министрге жолданған үндеуде.

Еске салайық, ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер осыған дейін бес күндік оқу аптасы мен жаңарған оқу бағдарламасын енгізуде оқу жылының 10 күнге ұзаратынын хабарлаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети