Омикрон жұқтырған елорда тұрғынына қатысты не белгілі?

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Омикрон жұқтырған елорда тұрғынына қатысты не белгілі?

Нұр-Cұлтанда омикрон штамына байланысты короновирус жұқтыру дерегі 5,5 есеге артқан. Тест сынамасы оң нәтиже көрсеткен бірінші адам ауруханаға жүгінген. Бұл туралы Санитарлық эпидемиялогиялық бақылау департаментінің басшысы Жанна Пірәлиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елордада Sars-Cov-2 вирусының омикрон штамына байланысты эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап кетті. Өткен екі аптада күніне 80 жағдай тіркелсе, кейінгі бес күнде бұл жайт 5,5 есеге артқан. Репродуктив сан - 3,2. Үлес салмағы - 376,6. Бүгінде тіркелген жағдай саны 1442-ге жетті. Қаңтардың 10 күнінде 4266 жағдай тіркелген, бұл желтоқсандағыға қарағанда 1,7 есеге көп", - деді Пірәлиева.

Ол Нұр-Сұлтанда омикрон штамы молекула-генетикалық сараптама нәтижесінде анықталғанын айтты.

"Бұл жағдай 16 желтоқсанда қалаға шетелден келген адамда анықталды. Оның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Тамағы ауырып, 22 қаңтарда медициналық көмекке жүгінді. Содан кейін алынған тексеріс материалы талдауға жіберілді", - деп түсіндірді. Пірәлиева.

Оның айтуынша, қалада короновирус жұқтырғандар саны артуы омикрон таралуына және қаладағы белсенді қозғалысқа, қауіпсіздік шараларын сақтамау, бетперде тақпау, көпшілік жиналған жерлерге баруға байланысты болып отыр.

"Егор тест сынамасы оң нәтиже көрсетсе немесе ауырған адаммен жақын қарым-қатынаста болсаңыз, үй карантинінде болуыңыз қажет, айналаңыздағы басқа адамдарға қауіп төндіретініңізді түсінуіңіз керек", - деді Пірәлиева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети