30 қараша 2021 11:11

"Омикрон" штамы "дельта" нұсқасына қарағанда жұқпалы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Коронавирустың жаңа "омикрон" штамы "дельта" нұсқасына қарағанда жұқпалы. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирустың жаңа "омикрон" штамы "дельта" нұсқасына қарағанда жұқпалы. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

30 қарашада премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Онда Қазақстанға "омикрон" штамының (в.1.1.529) әкелінуіне және таралуына жол бермеу шаралары талқыланды.

Қазақстан денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қолда бар деректерге сәйкес "омикрон" штамы тез жұғатыны және ауырып жазылған және екпе алған адамдардың қорғаныш антиденелеріне төзімділігі туралы айтты.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ол Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, репродуктив саны біреуден аз екенін атап өтті.

"ДДСҰ бұл нұсқа алаңдаушылық тудыратынын айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, коронавирустың басқа түрлерімен салыстырғанда, "омикрон" нұсқасы "дельта" штамына қарағанда жұқпалы, 20-30 жас аралығындағы адамдарға әсер етеді, сонымен қатар қайта жұқтыру қаупі де байқалады", - деді вице-министр.

Бұған дейін Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап коронавирустың жаңа штамына байланысты шектеулер енгізілетіні хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram