ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қараша 2021 | 13:39
"Омикрон" штамы коронавирустың бесінші толқынын тудыруы мүмкін - дәрігерлер
"Омикрон" штамына байланысты коронавирустың бесінші толқыны болуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Омикрон" штамына байланысты коронавирустың бесінші толқыны болуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Егер жаңа штамм "омикрон" қазірдің өзінде қауіп төндіріп тұрғанын ескеретін болсақ, онда әрине, ол коронавирустың бесінші толқынын тудыруы мүмкін", - деді Әсел Қалықова.
Сондай-ақ, ол әлемде "омикрон" штамы анықталуына байланысты Алматыда шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін екені туралы айтты. Оның айтуынша, шектеу шаралары Денсаулық сақтау министрлігі шешіміне сәйкес қабылданады.
"Шектеулерге келетін болсақ, бәрі коронавирустың жаңа штамының анықталуына, эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Бұл шешімді Денсаулық сақтау министрлігі қабылдайды, ол хабарланып, халыққа жеткізіледі. Егер қандай да бір қосымша шектеу шараларды Алматыда енгізу қажет болса, онда да эпидемиологиялық жағдайға қарай енгізіледі", - деді Қалықова.
Бұған дейін Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап коронавирустың жаңа штамына байланысты шектеулер енгізілетіні хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также