Өмірияевтің адвокатының апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өмірияевтің адвокатының апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады ©Тengrinews.kz

Өмірияевтің үкіміне қатысты адвокаттың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астана қалалық сотында апелляциялық инстанция 200 мың доллар көлемінде пара алғаны үшін сотталған Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары Мүсілім Өмірияевтің адвокатының шағымын қарастырды.

2014 жылдың 16 қазанында Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Мүсілім Өмірияев ҚР ҚК 311-бабының 5-бөлігінде (пара алу) қарастырылған қылмысты жасауға айыпты деп танылып, оны мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған еді. Қазан айының соңында оның адвокаттары бұл шешімге шағым келтірді.

Еске сала кетейік, жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталғаны 2013 жылдың 22 желтоқсанында белгілі болған еді. Алғашқыда оған Ауыл шаруашылығы министрлігі өткізген мемлекеттік сатып алулар конкурсында кәсіпкерге көмектескені үшін одан 100 мың доллар көлемінде пара алды деген айып тағылды. Кейін сот барысында Мүсілім Өмірияевке ақша салынған пакеттердің екі рет берілгені анықталды. Экс-шенеунік өзіне тағылған айыпты мойындамады, процесс барысында бұл ақшаны несиесін төлеу үшін танысынан алғанын бірнеше рет айтты.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети