"Өмір мен өлім мәселесі деп ойламадым": Бишімбаевтың інісі жауап беруді бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Өмір мен өлім мәселесі деп ойламадым": Бишімбаевтың інісі жауап беруді бастады видео кадры

Астана Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаевқа тағылған айып бойынша қылмыстық істі қарауды жалғастырып жатыр. Екінші сотталушы - Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановтан жауап алу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаевқа тағылған айып бойынша қылмыстық істі қарауды жалғастырып жатыр. Екінші сотталушы - Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановтан жауап алу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байжанов, ең алдымен, Салтанат Нүкенованың отбасына көңіл айтып, "осы жантүршігерлік трагедиядан зардап шеккендердің барлығына шын жүректен көңіл айтатынын" атап өтті. Бұл ретте сотталушы өз айғақтарын қағаздан оқыды.

"Мен Салтанатты жақсы танимын, жақсы жағынан білдім. Барлығынан кешірім сұраймын. Ең алдымен Салтанаттың туған-туыстарынан, жақындарынан. Ата-анамнан, әйелімнен, балаларымнан. Менің мойныма жүктелген жауапкершілікті толық түсінемін. Сол сұрапыл күні болған жағдайды толық түсініп, бағалай алмағаныма қатты өкінемін. Менің әрекеттерім мен әрекетсіздігім басқа қырынан көрініп отыр. Барлығының шын мәнінде қалай болғанын түсіндіріп, айтып беру үшін алдарыңызда тұрмын", – деп Байжанов жазбасын оқи бастады.

Айғақ беру кезінде екінші сотталушы Гастро-орталыққа таңертең келгенде "Бишімбаевтың түні бойы төбелесіп, жанжал шығарып, ішімдік ішіп, Салтанатты тағы да ұрып-соққанын білгенін" айтты. Оның айтуынша, бұл туралы оған жұмысқа келмес бұрын айтқан.

"Сол кезде мен түсінбедім, бәрінің қаншалықты қиын жағдайда екенін түсіне алмадым. Салтанатқа мұндай қауіп төніп тұрғанын елестете алмадым, бұл өмір мен өлім мәселесі деп ойламадым", - деп жалғастырды Байжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети