Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Өмірзақ Шөкеев 2019 жылы ақпанда Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған болатын.

Бұған дейін Түркістан облысының әкімі отставкаға кетуге өтініш бергені хабарланған еді.

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев 1964 жылы 12 наурызда Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау жанындағы АӘК ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері; ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі; ҚР Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинеті Қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары; ОҚО әкімшілігі басшысының орынбасары. Әр жылдары ҚР экономика министрі; ҚР экономика және сауда министрі; ҚР премьер-министрінің орынбасары; "Банк Туран-Әлем" ЖАҚ басқарма төрағасы болды"; ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 

Әр жылдары Қостанай облысының әкімі, Астана қаласының әкімі және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған. 2007 жылы тамызда Шөкеев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын (ҰӘҚ) басқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети