“Он минутқа шыққандай көрінеді“. Ақтауда ер адам із-түзсіз жоғалып кеткен

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Он минутқа шыққандай көрінеді“. Ақтауда ер адам із-түзсіз жоғалып кеткен

Ақтауда 38 жастағы жергілікті тұрғын Андрей Сотниченко жоғалып кетті. Ер адамның көптен бері көзге түспей кеткенін көршілері байқаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.


Ақтауда 38 жастағы жергілікті тұрғын Андрей Сотниченко жоғалып кетті. Ер адамның көптен бері көзге түспей кеткенін көршілері байқаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам жоғалғаны туралы хабар әлеуметтік желілерде жарияланды. Таныстарының айтуынша, Андрей 12-шағынауданда жалғыз тұрады. Көршілері оны бір апта бойы көрмеген, сондай-ақ оларды терезелердің айқара ашық тұрғаны алаңдатқан.

Осыған байланысты құтқарушылар мен полиция қызметкерлері шақырылды. Пәтердің есігі ашылғанымен, ішінде иесі болмаған.

"Әдетте оның дүкенге барып жүргені көрінетін, үйіне адамдар келіп-кетіп жататын. Ал бұл жолы бір аптадан аса тыныш болып қалды, терезелері екі жағынан ашық тұр. Он минутқа шығып, пәтерді желдетуге қалдырғандай көрінеді. Мұнда оның туыстары жоқ, әпкесі Астраханда тұрады, ол да алаңдап отыр", – деді таныстарының бірі.

Жоғалған ер адамның шашы ашық түсті, бойы шамамен 170 сантиметр. Оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтар +7 705 144 2541 (Юлия) нөміріне хабарласа алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети