13 желтоқсан 2016 | 15:02

"Оңай" жүйесі көлеңкелі ақша айналымы мәселесін шешкен жоқ - Көлік басқармасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Оңай" электронды жйүесін енгізгеннен кейін бір жыл өткенде көлеңкелі айналымнан шығарылған қаражат күткендей болмады. Өткен аптада "Алматы даму орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Әбдуалиев қорытынды жайлы айта отырып, 30 пайыз деген санды айтқан, бірақ шын мәніндегі сома одан да аз болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Көлік басқармасының жетекшісі Ерлан Әділовке сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

"Әрине, мұндай нәтижені күтпеген едік. Жиналатын қаражат бұдан көп болады деп ойладық. 30 пайыз десек те, нақты сандарды айта алмаймын. Жүргізушілермен күресе алатын тасымалдаушылар әлі де бар", - деді Әділов.

Мұндай төмен көрсеткіштердің негізгі себебін Алматы Көлік басқармасындағылар алматылықтардың басым бөлігінің жол ақысын қолма-қол төлейтіндігімен, көп жағдайда билетті талап етпейтінімен байланыстырып отыр. 

"Егер халық бізге көмектеспесе, нәтижеге қол жеткізу қиынырақ болады. Жолаушы билет талап етуі керек, талап етпесе ақша жүргізушінің қалтасында қалады. Тіпті автопарк басшылығының өзі бұл ақшаны көрмейді", - дейді Әділов.

Жолақыны "Оңай" карталары арқылы төлейтін алматылықтардың көбеюіне, қалалық Көлік басқармасының жетекшісінің айтуынша, дифференцияланған тарифті енгізу қолғабыс етеді. Бұл жолақы құнын қолма-қол төлейтіндерге жоғарылатуға міндеттеп, осы арқылы жолаушыларды электронды карталармен есеп айырысуға серпін береді. 

"Бүкіл әлем осындай жолмен өткен. Біз де солай өтеміз және осы мәселені қараймыз. Бірақ қайталап айтамын, бізге жолаушылардың қолдауы керек. Келесі жылы көрсеткіштерді жақсартуға тырысамыз", - деді Әділов.

Еске салайық, осыған дейін Tengrinews.kz "Алматы қаласы Көлік холдингінің" кондукторлармен қалай күресіп жатқанын және болашақта алматылықтарды қоғамдық көлік жүйесінен қандай өзгерістер күтетінін көрсетіп берген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети