"Оңай" оңай болмай шықты", деді ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы электронды билеттеу жобасын енгізу туралы сөзінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Оңай" оңай болмай шықты", деді ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы электронды билеттеу жобасын енгізу туралы сөзінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бақытжан Сағынтаевқа электронды билеттеу жүйесі 2016 жылы толық іске асырылғаны туралы хабарланды. "Жоба істеп тұр ма? Қанша шу көтерілді. "Оңай" оңай болмады ғой", - деді үкімет басшысы.
Бұл сөзбен Алматы әкімі Бауыржан Байбек те келісті. "Иә, оңай болмады. Бірақ жалпылай көрсеткіштер бар. Ашықтық. Қазір "Оңай" карталары бар тұрғындар Шымбұлаққа кіре алады, кезекке тұрмайды. Егер біз оны Алматы тұрғындарының бірыңғай картасымен біріктіретін болсақ, ұтымды болады. Ал жалпылай бұл жүйенің айшық болуына септеседі. Ұзақ жылдар қолма-қол төлем болып, ашықтық жоқ еді, қаржы құю мүмкін болмайтын", - деді әкім.
Сонымен қатар, қала әкімі көліктік заңнаманы жетілдіру туралы ұсыныстар жасалғанын айта кетті. "Бүкіл әлемде жол ақысын төлеу картасынан бір жолғы билет құны бірнеше есе жоғары. Біздің заңнама бойынша түрлі баға қою мүмкін емес. Егер біз тарифтерді көтеріп, арзандатып жатсақ, жеңілдігі бар жолаушыларға дотация төлеуіміз керек. Дифференцияцияланған жол ақысы қажет. Бір реттік жол ақысы қымбатырақ болғаны жөн", - деді Бауыржан Байбек. Қазіргі кезде заңнамаға түзетулер енгізу талқыланып жатқанын да айта кетті ол.