11 желтоқсан 2019 | 16:43

Оңдасын Оразалин Nur Otan партиясында тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 желтоқсанда Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында облыс әкімі Оңдасын Оразалин азаматтарды қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

10 желтоқсанда Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында облыс әкімі Оңдасын Оразалин азаматтарды қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңір басшысының қабылдауына Ақтөбе қаласынан Меруеш Оразғалиева мен  Әлима Әбдірова жеке бастарының мәселесімен емес, Тургенов көшесі тұрғындарының өтініштерін жеткізуге арнайы келген. Олар өздері тұрып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің ауласын ретке келтіріп, балалар ойнайтын алаңша салуды, абаттандыру  қажеттігін айтты. Аймақ басшысы аталған мәселенің  оң шешім табатындығын жеткізді. Қала әкімі Мавр Абдуллинге уақыт созбай, тұрғындардың өтініштерін ыждағаттап шешуді тапсырды.

Сондай-ақ, баспана мәселесімен келген жалғыз басты ана  Әсемгүл Ибраимова өңір басшысына жастайынан ата-анасыз қалғанын, қазір көмекке мұқтаж екендігін жеткізді. Толық емес отбасы санатына жататындықтан мемлекеттік "Бақытты отбасы" бағдарламасы арқылы  тұрғын үйге қол жеткізеді. Ал бағдарлама шарты бойынша төленетін бірінші жарна қаражатын қала әкімдігі төлеуге уәде берді.

"Елбасы - партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезінде әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың баспаналы болуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Әлеуметтік аз қамтылған азамттарды қолдау мақсатында  "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "Бақытты отбасы" атты жаңа бір бағыт жүзеге асып келеді. Өңірде осы жоба аясында көптеген отбасы баспаналы болуда", - деп атап өтті облыс әкімі.

Қала тұрғыны 80 жастағы  қария Қуандық Сүйеуов  облыс басшысына Шанхай  ауданы тұрғындарының атынан  алғысын жеткізді. Зейнеткер жатақханалардағы  тозығы жеткен  кәріз жүйесінің ауыстырылуына ықпал еткен өңір басшысына ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, облыс басшысы жұмысқа орналасу, несиелік берешектерін өтей алмай тығырықтан шығуына  көмек сұраған  азаматтардың сауалдарына нақты жауап берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети