11 қазан 2016 | 00:49

Өнер академиясындағылар Мұхамедиұлын айыптаған бұрынғы студент жайлы айтып берді

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағылар министр Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптаған бұрынғы студент жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Актерлік шеберлік курсының мұғалімі Гүлнар Аманжанованың айтуынша, студент Еңлік Сыдықова шын мәнінде осы жоғары оқу орнында оқып, актерлік шеберлік курсын 2015 жылы тәмамдапты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағылар министр Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптаған бұрынғы студент жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Актерлік шеберлік курсының мұғалімі Гүлнар Аманжанованың айтуынша, студент Еңлік Сыдықова шын мәнінде осы жоғары оқу орнында оқып, актерлік шеберлік курсын 2015 жылы тәмамдапты.

"Ол жақсы оқыды деп айта алмаймын, себебі сабақтан көп қалатын. Бірақ оған жеңілдіктер жасадық, себебі бойында өнері болатын, оған мүмкіндік бердік. Оның мүмкіндігі бар, бірақ сол қасиеттерін ашпады, себебі оқымайтын. Мұны естіген менің өзім таңғалып отырмын. Мұндай дүниені біржақты айту оңай болып көрінген сияқты... Егер шын мәнінде осындай жағдай болса, дәлелі болуы керек. Ал оның істеп отырғаны балалық сияқты. Еңлік шығармашылықтың адамы, шығармашылықпен айналысқаны дұрысырақ", - деп есептейді Гүлнар Аманжанова. 

Реклама
Реклама

Қыздың Мұхамедиұлын бөтен ойға тартты деп айыптауын мұғалімі ақылға қонымсыз әрі дәлелсіз деп есептейді. "Ол Болат Атабаевтың курсында оқыған. Бұл курсты Болат Атабаевтың жеке-жеке таңдап алғанын да жақсы білемін, сол таңдағандарының ішінде осы қыз да болған. Ол өте қатаң, ұстанымы берік адам, ол әлдебіреулердің, тіпті ректордың ұсынысы болса да, оған жол бермейді. Атабаевқа қыздың түр-кескіні мен дарыны ұнаған болуы керек. Қыздың дарыны бар деп айта аламын. Бізге оқуға түсіп, тәмамдап шықты", - деді Аманжанова. 

Қыз "Музыка театрының актрисасы" мамандығы бойынша оқыған. Оқытушысының айтуынша, қыз көп сөлемейтін, оқуын бітірген соң туған қаласы Қызылордаға кетіп қалған. 


Facebook/Еңлік Сыдықова

Еске салайық, осыған дейін Интернетте Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі сол кезде осы оқу орнының ректоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлын бөтен ойға тартты деп айыптаған болатын. 

Ал ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қысым көрсетті деген қыздың айыптауына жауап берген еді. Министр мұндай арандатушылық видеоүндеудің пайда болуын режиссер Талғат Жәнібековтің жобасымен байланыстырды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная