10 қазан 2016 16:06

Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыптауларға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. © Тұрар Қазанғапов ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. © Тұрар Қазанғапов

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қысым көрсетті деген қыздың айыптауына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қысым көрсетті деген қыздың айыптауына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр мұндай арандатушылық видеоүндеудің пайда болуын режиссер Талғат Жәнібековтің жобасымен байланыстырып отыр. Айта кетейік, осыған дейін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бопсалады деп айыптаған Талғат Жәнібековті сотқа берген болатын

"Бұл мәселе ауқымды. Өздеріңіз білетіндей, "Феникс" жобасы бойынша фильмнің түсірілім жұмыстарының қаржы мәселесі тексеріліп жатыр. Бұл - назарды басқаға аудару әрекеті. Режиссер Талғат Жәнібековтен де айыптаулар болды, бірақ кейін жүзбе-жүз кездескенде ол өз сөзінен бас тартты. Кейін Тұңғышбай Жаманқұловтан дәлелсіз айыптаулар болды", - деп атап өтті ол.

Видеода Еңлік Сыдықова 2011 жылы Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына оқуға түскенін айтады. Кейін, айтуынша, сол уақытта ректор қызметінде болған Мұхамедиұлы оқуға ақша ғана берсе түсіріп берем деп ұсыныс жасаған. Бұдан кейін, қыздың айтуынша, оған Мұхамедиұлы бөтен ойда тұспалдап ұсыныс айта бастаған. 

"Видеоүндеудің соңында ол режиссерді қолдайтынын ашық айтады. Адамдардың дәлелмен сөйлеуін қалаймын. Қаржылай мәселелер тексеріліп жатқанда, адам өзін қорғау үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. (...) Оқуға түсудің белгілі бір процедурасы бар. Мысалы міндетті кешенді тестілеу, ол жаққа ешкім араласа алмайды. Шығармашылық емтихандар бар, бұл сынақта курсқа қабылдап жатқан адам таңдайды. (...) Оның үстіне өзі емтиханға кешігіп қалғанын айтады. Мұның барлығы тіркелген", - деді министр.

"Менің пікірім - бір сценарий, бұл назарды басқа мәселеге аудару әрекеті. (...) Қазіргі уақытта заңгерлер бұл үндеуді тексеріп жатыр", - деді министр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети