08 наурыз 2016 | 10:32

Өнер жұлдыздары аналары жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Оn.kz © Оn.kz

8 Наурыз мерекесі қарсаңында қазақстандық өнер иелері барша әйелдер қауымын құттықтап, Tengrinews.kz тілшісіне өз аналары жайлы айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

8 Наурыз мерекесі қарсаңында қазақстандық өнер иелері барша әйелдер қауымын құттықтап, Tengrinews.kz тілшісіне өз аналары жайлы айтып берді.

“Мұзарт” тобының әншісі Сәкен Майғазиев:

Анамның есімі - Ұлтай Мырзамбекқызы. Анам 10 бала тәрбиелеген, мен тоғызыншысымын. Әкем төрт ағайынды, үлкені - менің әкем. Әкемнің бауырларының балаларын бауырына басқан - менің анам. Майғазиевтердің балалары осы күнге дейін менің анамды "мама" деп атайды. Анам - бәріне мейірімін төгетін, шыншыл, ақкөңіл адам.

"Әйелдер қауымын тек 8 наурызда ғана емес, әрбір күннің әрбір сәтінде құрметтеп, бағалауымыз керек. Сол себепті барлық әйелдер қауымына және аналарға, болашақ аналарға екі дүниенің бақытын тілегім келеді. Анасын ардақтаған перзенттен парасаты асқан адам жоқ. Анамызды құрметтеген кезде ғана үлкен жетістіктерге жетеміз. Ол кісілердің батасын алғанда ғана Алланың разысын аламыз", - деді әнші.

Әнші Саят Медеуов:

Менің анам 1948 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. 17 жасында тұрмысқа шыққан. Колхозда қоймада біраз жыл жұмыс істеді. Еңбекқор кісі. Құрсағында бес бала көрген. Ата-анам қазір ауылда, Қанат деген ағамның қолында тұрады. Адамзат баласына анадан асқан ақылшы жоқ. Бірінші Алла, Құран сөзі болса, содан кейінгі ақылшы ата-ана. Анамыздың ақылымен осы деңгейге жетіп отырмыз. Сондықтан анама мың алғыс айтамын.

"Ана үшін өмірдегі ең бірінші бақыт - баласының тыныш ұйқысы мен күлкісі. Ана үшін одан асқан бақыт жоқ. Аналарымыз бақытты болсын. Әйелдер қауымына тілейтінім тек жақсылық. Әлем - аналармен көрікті", - деді Саят Медеуов.

Композитор Алтынбек Қоразбаев:

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні болғандықтан, әрдайым анам есіме түседі. Аяулы анам 16 құрсақ көтерген. Ең кенжесі - мен. Сондықтан болар, анамның ең тәттісі де менмін. Балалық шағымда күннің суығына қарамай, балалармен шаңғы теуіп, асық ойнап жүретінбіз. Аяғымызда үлкен-үлкен етік. Дірілдеп-қалтырап үйге жүгіріп баратынбыз. Ол кезде 6-7 жастағы баламын. Сонда анам аялы алақанымен тіземнен уқаласа, аяғымның қақсағаны кетіп қалатын. Сол сәт есімнен кетпейді. Шыны керек, сол уақытты әлі аңсаймын.

"Ардақты қазақстандық аяулы аналар, әпкелер, жеңгелер, қарындастар, келіндер, қаракөз бота қарындастарымыз! Сіздерді бірнеше ондаған ер азаматтардың атынан, өнер азаматтары атынан шын жүрегіммен мерекелеріңізбен құттықтаймын. 8 Наурыз мерекесі Кеңес дәуірі заманынан бері тойланып келеді. Барлық әйелдер қауымына әйел бақыты мен ана бақытын тілеймін. Аяулы аналарымыздың арқасында еліміз үлкен бақытқа кеңеледі деп ойлаймын", - деп құттықтау арнады композитор.

Рамазан Стамғазиев:

Менің анамның есімі - Ұлтақан Серкебаева. Анам Алматы облысы Талғар ауданы Ақбұлақ ауылының тумасы. Биыл 70 жасқа келді. Тоғыз құрсақ көтерген. Қазір немереден шөбере сүйіп отырған ардақты аналардың бірі.

Әнші нәзік жандыларға құттықтау арнады: "Аналарымызды, әпкелерімізді, қарындастарымызды 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әйелдер қауымы көктем сияқты жадырап, әрдайым жақсы көніл-күймен жүре берсін. Жылдағы осы дәстүрлі мерекеге тек жақсы жаңалықпен жетсін".

“Mysterions” тобының әншісі Арман Қоңырбаев:

Менің анамның есімі - Қоңырбаева Сәуле Бейсенғалиқызы. Анам Оңтүстік Қазақстан облысы Тұрар Рысқұлов ауылында дүниеге келген. Ол жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Анам нағыз қазақ әйелі, жұмсақ, мейірімді және ақкөңіл жан. Біз анаммен өте жақынбыз. Әрқашан да онымен жоспарларыммен, уайымымен бөлісе аламын. Қиналған кезімде анам қасымнан табылады. Қандай бастама болмасын, анам маған қажетті сөздерді айтып, әрдайым қолдау көрсетіп жүреді. Өзімнің осындай мансапқа жетуім де анамның арқасында. Кезінде “саған сенемін, алға қойған мақсаттарыңа жетіп, үлкен белестерден көріне аласың” деп айтқан да осы менің анам.

"Еліміздің барлық нәзік жанды аруларын алғашқы көктем мерекесімен құттықтаймын! Барлық әйелдер қауымына үлкен бақыт тілеймін. Өмірлеріңіз тек қызық пен шаттыққа толы болсын! Жүздеріңізден күлкі кетпей, әрқашан қуанып жүре беріңіздер!", - деді Арман Қоңырбаев.

Әнші Қыдырәлі Болманов:

Марқұм анамның есімі - Ұлбосын Әлиасқарқызы. Кейкібатырдың тұқымы. Анам мейірімді, ашуға тез беріле қоймайтын. Анамды "мама" емес, "тәте" дейтінмін. Балалық шағымды екі әжемнің қолында өткіздім.

 

"8 наурыз әлемдегі ең әдемі, сезімге толы мейрам деп санаймын. Бүкіл әйел затын шын жүректен құттықтаймын. Барлығына тілейтінім - ана бақыты, әйел бақыты, жар бақыты", - деді ол.

Актер әрі әнші Артур Төлепов:

"Менің анам Бейсембаева Салтанат Амандыққызы 1972 жылы Ақтөбе облысында  дүниеге келген. Ол үй шаруасындағы әйел. Анамның мінезі жарқын, көңілі ашық, жүрегі кең кісі. Өте қатты жақсы көреміз. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне келетін болсақ, баршаңызға әйел бақытын тілеймін. Әйелдерсіз өмір бос. Үйде күтіп отырған әйелің болмаса, айналайын дейтін анаң болмаса, ардақты әжелерімізсіз біз ешкім емеспіз. Дендері сау болсын, аман болсын, бар жақсылықты тілеймін!”, - деді Артур Төлепов.

Композитор Ринат Гайсин:

Менің анамның есімі - Қыстаубаева Маржан Баянқызы. Мені музыка әлеміне алып келген де сол асыл жан. Бес жасымда қолымнан жетектеп музыка мектебіне апарды. Менің анам - махаббатына адал, отбасының ұйытқысы бола білген парасатты әйел, қамқор ана. Көктем мезгілімен тұспа-тұс келген мерекеде ару қыздарымызды, ардақты аналарымыз мен жеңгелерімізді шын жүректен құттықтаймын! Жүректеріңіз жырға, құшақтарыңыз гүлге, жанарларыңыз қуанышқа толы болсын! Әлемнің жарығы, даланың әр гүлі сіздер үшін!

Әнші Айқын Төлепберген:

"Анама бізді жақсы, адал әрі бауырмал етіп өсіргені үшін алғыс айтамын. Барлық әйелдер мен қыздарды мерекемен құттықтаймын. Әр күні қуанышты әрі бақытты сәттер туып, қайталана беруін тілеймін", - деді Айқын.


Айқынның ата-анасы

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети