Онлайн тәртібінде уақытша тіркелу бір ай ішінде мүмкін болады - Ереншінов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Онлайн тәртібінде уақытша тіркелу бір ай ішінде мүмкін болады - Ереншінов © yvision.kz

Уақытша тіркеудің онлайн режимі бір ай ішінде мүмкін болады. Бұл туралы  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрағасы Данияр Ереншінов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уақытша тіркеудің онлайн режимі бір ай ішінде мүмкін болады. Бұл туралы  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрағасы Данияр Ереншінов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Неге онлайн режимде тіркелуге болмайды? Неге осы мәселені шешпеске?", - деп сұрақ қойды премьер-министр Сағынтаев үкімет отырысының барысында. 

"Қызметтің бұл түрі бір ай ішінде жүзеге асырылатын болады", - деді Данияр Ереншінов. Алайда премьер-министр бір айдан соң халық арасында дүрлігудің азаятыны, сондықтан да енді онлайн режимнің қажет болмай қалатынын айтты.

"Заң қарастырылып жатқанда онлайн қызметті те енгізуді ойластыру қажет еді. 22 желтоқсанда заңды қабылдаған соң қаласаңыздар электронды режимде, қаласаңыздар ХҚКО-ға барсаңыздар болады деп айту керек еді", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Данияр Ереншіновтің айтуынша, e-GOV арқылы уақытша тіркеудің онлайн бағдарламасымен айналысу Ұлттық ақпараттық технолиялардың құзыретінде. Сонымен қатар, Данияр Ереншінов бұл мәселенің ІІМ жұмысына да қатысы бар екенін айтты.

"Адамдарды бұл кімнің құзыретінде екені қызықтырмайды. Олар "Мемлекет, сіздер сәйкесінше заң қабылдадыңыздар, біз заңға бағынатын азаматтар ретінде осында тіркелуге келдік" дейді. Міне, осылай", - деді Сағынтаев.

Айта кетейік, осыған дейін Үкімет басшысы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты уақытша тіркеуге байланысты туған дүрлігу үшін сынға алған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети