Онлайн университеттер ресми жоғарғы оқу орындарының деңгейімен бірдей диплом береді және де бұл дұрыс емес. Мұндай пікірді білім және ғылым министрі Асхат Аймахамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Онлайн университеттер ресми жоғарғы оқу орындарының деңгейімен бірдей диплом береді және де бұл дұрыс емес. Мұндай пікірді білім және ғылым министрі Асхат Аймахамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Онлайн білім беру - бүгінгі күннің реалиі. Қаласақ та, қаламасақ та бұл саланы реттеуіміз қажет. Мәселе бұл саланы теріске шығаруда емес. Ондай оқу орындары болса, нақты талаптар қоюымыз қажет. Басқа оқу орындары лицензия алып диплом берсе, ал онлайн оқу орындары заң аясында жұмыс істемей, бірақ дәл сондай диплом береді. Бұл дұрыс емес", - дейді министр.
Аймағамбетов, онлайн оқу орындарының арнайы біліктілік талаптары болуы қажет екенін атап өтті. Лицензия алғаннан кейін және олардың құндылығын растағаннан кейін ғана олар білім бере алады.
"Онлайн оқу орындарына арнайы біліктілік талаптарды әзірлеу, жалпы онлайн білім беруге қатысты сұрақтар дайындау ұсынылды. Сонымен қатар, жоғары білімі бар мамандарды даярлаудың жекелеген бағыттарына, әсіресе педагогикалық салаға қойылатын талаптарды қайта қарау жоспарланып жатыр. Жаңа оқу орындарын ашу-ашылмауы "Мұғалім мәртебесі туралы" заң жобасында қарастырылған үкіметпен келісім бойынша жүзеге асырылады", - дейді БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.