Білім және ғылым министрлігі онлайн сабақта көрсетілген порнографиялық видео үшін үзілген сабақ туралы деректі Ішкі істер министрлігіне жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҒМ баспасөз хатшысы Гаухар Омарбекке сілтеме жасап.
Білім және ғылым министрлігі онлайн сабақта көрсетілген порнографиялық видео үшін үзілген сабақ туралы деректі Ішкі істер министрлігіне жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҒМ баспасөз хатшысы Гаухар Омарбекке сілтеме жасап.
"Елімізде кеше екі миллионға жуық сабақ өтті, оның ішінде 80 мыңға жуығы стриминг конференциясын қолдану арқылы - педагогтер оқушылармен виде байланыспен сабақ өткізді. Өкінішке қарай, сабақтардың бірінде әдепсіз материалдар көрсетілді. Оқиға процеске қатысушылардың кінәсінен болды: біреу бөтен адамдарға эфирге сілтемені жіберген, әзілдегісі келген.
Екі миллион сабақтың біреуі ғана бұзылды. Барлық ата-ана сияқты біз де алаңдаймыз және тиісті органдар мұндай жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қолданады. Мұғалімдер оқу барысы үзілмеуі және балалар қажетті білімді алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Өкінішке қарай, осындай бір жағдайтан бәрі дүрлікті. Үйде балаларға стриминг жүйелерді қолдану мәдениетін түсіндіріп айту керек", - деді Гаухар Омарбекова.
Оның айтуынша, мұндай жағдайлардың негізгі себебі - ақпараттық қауіпсіздік саласындағы дағдының жетіспеуі.
"Осыған байланысты деректер, алдыңғы жағдайлар да, Ішкі істер министрлігіне құқықтық бағалау және іс қозғау үшін берілді. Әкімдіктер, білім басқармалары және барлығымыз ақпараттық қауіпсіздік бойынша жұмысты күшейтуіміз керек. Сондай-ақ, ата-аналардан және сабақ барысына тартылған басқа ересектерден бейнеконференцияларға сілтемелердің таралуын мұқият қадағалап, олардың бөтен адамдарға түсуіне жол бермеуін сұраймыз.
Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар стриминг жүйесін қолданғанда басқа елдерде де болады", - деді Гаухар Омарбек.
Еске салайық, Нұр-Сұлтан тұрғыны ZOOM-да математика сабағында бесінші сынып оқушыларына порнография көрсетілгеніне шағым айтқан болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!