Өңірлер үшін “Орда Аймақ“ жаңа ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

2025 жылдың 7 сәуірден бастап Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) "Орда Аймақ" ипотекалық несиелендірудің жаңа бағдарламасын іске қосты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2025 жылдың 7 сәуірден бастап Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) "Орда Аймақ" ипотекалық несиелендірудің жаңа бағдарламасын іске қосты.

"Орда Аймақ" жаңа ипотекалық бағдарламасы ҚТК кепілдігі бар объектілерінен салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді.

Өтінімдер "Отбасы Банкі" АҚ уәкілетті агенттері арқылы қабылданады. 21 жастан асқан Қазақстанның кез келген азаматы қарыз алушы бола алады. "Отбасы Банк" АҚ - да депозиттің болуы бойынша қарыз алушыға қойылатын талабы мен тұрғын үйдің болуы бойынша шектеу "Орда Аймақ" бағдарламасына қолданылмайды.

"Орда Аймақ" бағдарламасының шарттары:

  • Қарыз сомасы - 1-ден 75 млн теңгеге дейін;
  • Қарыз мерзімі - 12 айдан 240 айға дейін;
  • Бастапқы жарна - сатып алынатын тұрғын үй құнының 20%;
  • Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 15,9% (ЖЭС 17,26% - дан 22,81% - ға дейін);

"Орда Аймақ" ипотекасына өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау жеткілікті:

  • www.orda.homeprotal.kz "Нысандар" бөлімінде пәтерді таңдаңыз
  • "Отбасы банк" АҚ серіктес банк бөлімшесінде қажетті құжаттармен өтінім беру, өтінім бойынша шешім күту
  • Банктік қарыз шартын және кепіл шартын жасасу

Кепіл шартын уәкілетті органмен тіркелгеннен кейін қарыз беру жүзеге асырылады.

Салынып жатқан құрылыс объектілерінің сипаттамасын, сондай-ақ байланыс туралы ақпаратты ҚТК тұрғын үй порталынан алуға болады

Толық ақпарат алу үшін ҚТК-ның сall-орталығына хабарласыңыз: +7 7172 79-75-75 – қалалық телефоннан қоңырау шалу. 8 800 080-44-48 – ұялы телефоннан қоңырау шалу.

Tengrinews
"Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro