20 наурыз 2020 10:45

Өңірлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 32 миллиард теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өңір тұрғындарын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 32 миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

"Үкімет тарапынан азық-түлік пен халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету жолдары толығымен қаралған. Бұл жұмыстарға 32 миллиард теңгеден аса ақша бөлу жоспарланып отыр (республикалық бюджеттен – 14,8 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен – 18 миллиард теңге)", - деді Тоғжанов. 

Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары қажет тауарлардың бағасын көтеру фактілері кездескен жағдайда қатаң заңды шаралар қолданылатынын ескертті.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған бес адам туралы не белгілі?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети