Өңірлерде түрлі бағалар қойған "Алма-ТВ" желі операторына 130 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.
Өңірлерде түрлі бағалар қойған "Алма-ТВ" желі операторына 130 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғын антимонополиялық инспекцияға құқықбұзушылықтар туралы айтып, шағымданды. Қалалық прокуратура қала бойынша антимонополиялық инспекцияға заңбұзушылықтарды жоюды және әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұсынды.
"Алма-ТВ" ЖШС" нарық субъектісі бола тұрып, телекоммуникация саласында басымдық танытып отырып, кейбір өңірлерде ҚР "Бәсекелестіктер туралы" заңын бұзған. Нақтырақ айтсақ, кабельдік телеарна тұтынушыларына түрлі бағалар қойған. Антимонополиялық инспекция прокуратура ұсынысын қарастырғаннан кейін оның қорытындысында прокурордың талабын орындап, "Алма-ТВ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырды және материалды Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберді", - делінген хабарламада.
"Алма-ТВ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 129 300 000 теңге көлемінде айыппұл ретіндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұнымен қатар, монополиялық заңсыз іс-шаралар арқылы тапқан табысы - 84 миллион теңге тәркіленді. Прокуратура өкілдері осылайша "Алма-ТВ" кабель операторынан 213,3 миллион теңге өндірілгенін айтты.