Оңтүстік Қазақстанда 16 жастағы қыз бен зейнеткер жыныстық қатынас салдарынан ЖИТС жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда 16 жастағы қыз бен зейнеткер жыныстық қатынас салдарынан ЖИТС жұқтырды Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-ке қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Қожахмет Мәшіров. © tvk-uko.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында 60 жастағы ер адам ретсіз жыныстық қатынастың салдарынан ЖИТС жұқтырды. Зейнеткер бұл өңірдегі осы ауруға шалдыққандардың арасында ең егде жастағы адам болып тұр, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында 60 жастағы ер адам ретсіз жыныстық қатынастың салдарынан ЖИТС жұқтырды. Зейнеткер бұл өңірдегі осы ауруға шалдыққандардың арасында ең егде жастағы адам болып тұр, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

"Зейнеткерлік жастағылардың арасында бір адамнан ЖИТС-инфекциясы анықталды. Ол адам мен оның туыстарынан жауап алынған кезде ер адамның белсенді түрде жыныстық қатынасқа түскені расталды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де, зейнетақысын алғаннан кейін де ол бірнеше күнге жоғалып кетіп отырған", - деді Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-ке қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Қожахмет Мәшіров. 

Бұл дертке шалдыққандардың арасындағы ең жас адам, соңғы мәліметтер бойынша, тұңғыш рет 16 жастағы қыз болып шықты. Телеарнаның мәліметінше, ЖИТС-ті әлеуметтік топтар көптеп таратады. Бұрын бұл дертті нашақорлар, жезөкшелер таратса, қазір ЖИТС ерлерден, әйелдерден, қариялардан, тіпті балалардан да табылып жатыр.

Айта кетейік, өткен жылы ЖИТС-инфекциясы Қызылордада 77 жастағы зейнеткерден табылды. Дәрігерлердің айтуынша, ол дертті жыныстық жолмен азаматтық некедегі жас келіншегінен жұқтырған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети