24 сәуір 2016 | 08:50

Оңтүстік астанада "Алматы-марафон" өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Оңтүстік астанада "Алматы-марафон" өтіп жатыр, оған 13 мыңнан аса адам қатысуда, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік астанада "Алматы-марафон" өтіп жатыр, оған 13 мыңнан аса адам қатысуда, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Марафон таңғы сағат 8.00-де Тұңғыш Президент Саябағынан басталды. Қатысушылар 3 шақырым (балалар), 10 шақырым, 21 шақырым, 42 шақырым 195 метр, сонымен қатар Экидене (марафон эстафетасы) қашықтықтарында жүгіреді. 2016 жылдағы марафонның бір ерекшелігі - 10 шақырым қашықтыққа скандинав жүрісі. Қашықтыққа бірінші болып марафондықтар, олардан кейін Экиден ұжымдық эстафета қатысушылары, олардан кейін жартылай марафоншылар, кейін 10 шақырымға жүгіретіндер қосылды. Марапаттау рәсімі орталық стадионда өтеді. "Алматы-марафон" өтіп жатқан кезде қаладағы жолдар ішінара жабылды. 


Алматы әкімі Бауыржан Байбек. © Tengrinews.kz

Биыл ұйымдастырушылар суды артық дайындапты, пункттердің метражы кеңейтілді, сонымен қатар тамақтандыру тәртібі өзгерді. Мерейтойлық марафонға қала әкімі Бауыржан Байбек те қатысуда. Сонымен қатар, Олимпиада чемпиондары Александр Винокуров және Ольга Шишигина, Қазақстан шоу-бизнесінің әртістері Диас Аблаев, Аружан Жазылбекова, Нұртас Адамбаев, Қайрат Нұртас, Әбдікәрім Кәрімов, Ермек Меденовтер қатысу үстінде.


© Николай Колесников

"Кейбіреулер жүгіретіндер бірдеңеден қашады немесе өмірін ұзартқысы келеді деп күледі. Жүгірушілер өмірін ұзартқысы келмейді, олар өмірдің сапасын жақсартқысы келеді. (...) Мұны жасаған ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Алматыдағы марафон осымен бесінші рет өтіп отыр. Бұл кішігірім болса да, біз үшін мерейтойлық марафон", - деді Байбек.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети