Оңтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды © Tengrinews.kz

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" өкілдерінің мәліметінше, 13 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі, ал күннің екінші жартысында таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр болуы мүмкін екені айтылады. Сондай-ақ, найзағай, нөсер болып, оңтүстік-батыс желінің күшеюі болжанады. Ал 14 сәуірде ауа температурасы 2 градусқа дейін суық болатыны айтылады.

Жамбыл облысында 13 сәуірде таңертең және күндізгі уақытта жаңбыр күтіледі, ал күннің екінші жартысында қар аралас жаңбыр болжанады. 14-15 сәуірде ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендейтіні айтылады.

Алматы облысында 13 сәуірде таңғы және күндізгі уақытта қатты жаңбыр болса, күннің екінші жартысында таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр болатыны айтылады. Ал 14-15 сәуірде синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети