Бауыржан Жамалов Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары етіп тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бауыржан Жамалов Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары етіп тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілді және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың жарлығымен ОҚО әкімінің орынбасары болып Жамалов Бауыржан Салдарұлы тағайындалды.
Бауыржан Жамалов индустриалды-инновациялық, ауылшаруашылығы және туризм мәселелермен айналысады. Облыс әкімі жаңа орынбасарына ауылшаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерге сараптама жасап, шешімін табуды тапсырды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік пен туризмді дамытудағы облыстың әлеуетін есепке ала отырып, Индустриализация картасына инвестиция тартып, оның уақтылы және қажетті деңгейде орындалуын қадағалау жүктелді.