Оңтүстік Қазақстан облысында 25 жастағы Жансұлтан Сейітжанов ең жас әкім атанды. Ал ең үлкен әкім 62 жастағы Дарханбек Инарұлы атанды. Бұл туралы Otyrar.kz басылымы мен TVK телеарнасы жазды. Ауыл әкімдерін сайлау процесі 24 тамызда өткен екен.

25 жастағы Жансұлтан Сейітжанов Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шілік ауылының әкімі болып тағайындалса, 62 жастағы Дарханбек Инарұлы Мақтаарал ауданы Мақталы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Жансұлтан Сейітжанов 1992 жылы 30 мамырда дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік университетін бітірген, үйленген. Осыған дейін уақытша Шілік ауылы әкімінің міндетін атқарушы қызметін атқарған.
Жансұлтан Сейітжанов.
БАҚ мәліметінше, 95 ауылдық окргутен 320 үміткер тіркелген. Олардың 302-сі - ер адамдар, ал 18-і - әйелдер.
"Сайлау қорытындысы бойынша 107 әкім сайланды Сайлау барлық ережеге сәйкес өткізілді. Сайлау барысында үміткерлер белсенділік көрсетті. 107 әкімнің 68-і қайта сайланды. Қалғандары алғаш рет ауыл әкімі қызметтеріне келіп отыр", - деді ОҚО сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Умаралиев.