11 қыркүйек 2015 09:54

Оңтүстік Қазақстанда 16 жастағы қыз бен зейнеткер жыныстық қатынас салдарынан ЖИТС жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-ке қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Қожахмет Мәшіров. © tvk-uko.kz Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-ке қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Қожахмет Мәшіров. © tvk-uko.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында 60 жастағы ер адам ретсіз жыныстық қатынастың салдарынан ЖИТС жұқтырды. Зейнеткер бұл өңірдегі осы ауруға шалдыққандардың арасында ең егде жастағы адам болып тұр, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.


Оңтүстік Қазақстан облысында 60 жастағы ер адам ретсіз жыныстық қатынастың салдарынан ЖИТС жұқтырды. Зейнеткер бұл өңірдегі осы ауруға шалдыққандардың арасында ең егде жастағы адам болып тұр, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

"Зейнеткерлік жастағылардың арасында бір адамнан ЖИТС-инфекциясы анықталды. Ол адам мен оның туыстарынан жауап алынған кезде ер адамның белсенді түрде жыныстық қатынасқа түскені расталды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де, зейнетақысын алғаннан кейін де ол бірнеше күнге жоғалып кетіп отырған", - деді Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-ке қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Қожахмет Мәшіров. 

Бұл дертке шалдыққандардың арасындағы ең жас адам, соңғы мәліметтер бойынша, тұңғыш рет 16 жастағы қыз болып шықты. Телеарнаның мәліметінше, ЖИТС-ті әлеуметтік топтар көптеп таратады. Бұрын бұл дертті нашақорлар, жезөкшелер таратса, қазір ЖИТС ерлерден, әйелдерден, қариялардан, тіпті балалардан да табылып жатыр.

Айта кетейік, өткен жылы ЖИТС-инфекциясы Қызылордада 77 жастағы зейнеткерден табылды. Дәрігерлердің айтуынша, ол дертті жыныстық жолмен азаматтық некедегі жас келіншегінен жұқтырған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети