Оңтүстік Қазақстанда 24 жастағы жігіт зорланған: үш ағайынды кінәсін мойындамады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда 24 жастағы жігіт зорланған: үш ағайынды кінәсін мойындамады Фото:depositphotos.com

Түркістан облысы Келес аудандық сотында дамуында ауытқуы бар 24 жастағы жігітке қатысты зорлау ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Сотталушылар 6 қазанда соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Келес аудандық сотында дамуында ауытқуы бар 24 жастағы жігітке қатысты зорлау ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Сотталушылар 6 қазанда соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Оқиға туралы 2025 жылдың наурызында "НеМолчи.kz" қорының жазбасынан белгілі болды. Ұйымның деректеріне сүйенсек, даму деңгейі 4 жастағы баланың деңгейіне сәйкес 24 жастағы жігіт жылдар бойы туысқан ағайындылары мен көршілерінің зорлық-зомбылығына ұшыраған.

Жәбірленушінің анасы қылмыстарға алты адамның, оның ішінде кәмелетке толмағандардың да қатысы бар екенін айтқан. Алайда айыпталушылар орындығында жігіттің тек үш кәмелетке толған туысқан ағалары отыр.

Оларға қандай айып тағылған?

Іс жабық режимде өтіп жатыр. Екі айыпталушы бірнеше рет жасалған топтық зорлау бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1 және 4-тармақтары) айыпталып отыр.

Үшіншісіне – топтық зорлау және ұрлық бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1-тармақ; ҚК-нің 188-бабы) айып тағылған.

Прокурор соттан әрқайсысын тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Сотталушылар соңғы сөзінде не айтты?

Жәбірленушінің адвокаты Гулайхан Турcуманованың айтуынша, сотталушылар соңғы сөздерін айтқан, бірақ барлық дәлелге қарамастан, кінәларын мойындамаған.

"Үшеуі де зорлау дерегін жоққа шығарды, бірақ олардың бірі ұрлық эпизоды бойынша кінәсін мойындады. Жәбірленуші алғашқы күннен бастап бірдей әрі дәйекті жауап беріп келеді. Прокурор бірнеше рет нақтылап сұрады: "Сен шынымен шындықты айтып тұрсың ба, олар сені шынымен зорлады ма?" - деп. Жігіт әр жолы шындықты айтып тұрғанын айтты. Зорлық бір-екі ай емес, ұзақ уақыт бойы жалғасқан", – деді Турcуманова.

Оның айтуынша, прокурор сотталушыларға тым жеңіл жаза сұраған, ал бап санкциясы 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

"Менің ойымша, 9 жыл - бұл аз. Біз әрқайсына 12 жылдан сұрадық. Егер сотталушылар кінәларын мойындап, жәбірленушінің отбасы кешірім берсе, ең төменгі мерзім жайлы айтуға болар еді", – деді адвокат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети