20 наурыз 2016 | 18:12

Оңтүстік Қазақстанда депутаттыққа үміткер азамат өз-өзін өртеп жіберемін деп қорқытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Оңтүстік Қазақстан облысында мәслихат депутаттығына үміткер азамат өз-өзін өртеп жіберемін деп қорқытты. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысында мәслихат депутаттығына үміткер азамат өз-өзін өртеп жіберемін деп қорқытты. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сайлау процесі кезінде сайлау комиссиясының қызметіне кедергі келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеудің реестріне бір дерек тіркелді. Оқиға ОҚО-да болды, сайлау процесі әлі де жүріп жатқандықтан мән-жайды, аты-жөнін атай алмаймын. Бірақ мәслихат депутаттығына үміттілердің бірі сайлау комиссиясының отырысына баса-көктеп кіріп, үстіне белгісіз сұйықтықты құйып, өз-өзін өртеп жіберемін деп қорқытты, сонымен қатар, комиссия мүшелерін қорқытып, комиссия отырысының жұмысына кедергі келтірді", - деді Сүйіндіков.

Оның айтуынша, оқиға құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тоқтатылды, ал оқиғаның өзі 17 наурызда болған. "Қазір сайлау комиссиясының қызметіне кедергі келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін, 20 наурызда Астана уақытымен таңғы 7.00-де елдің басым өңірлерінде сайлау басталды. Сайлау 20.00-ге дейін жалғасады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети