Оңтүстік Қазақстанда ер адам әкесін өлгенше соққыға жыққан: даулы іс сотқа жетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда ер адам әкесін өлгенше соққыға жыққан: даулы іс сотқа жетті видео кадры

Түркістан облысының полицейлері бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген істі тергеуді аяқтады. Оңтүстікте ұлы қарт әкесін аяусыз ұрып, салдарынан ер адам көз жұмған. Оқиғаны көршілері видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының полицейлері бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген істі тергеуді аяқтады. Оңтүстікте ұлы қарт әкесін аяусыз ұрып, салдарынан ер адам көз жұмған. Оқиғаны көршілері видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 2025 жылғы қыркүйекте болған және қоғамда резонанс тудырды. Іс бойынша тергеу үш айдан аса уақытқа созылып, жыл соңында аяқталды.

"22 желтоқсанда айыпталушыға қатысты іс Жетісу аудандық сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды", – деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін не болған?

Әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Кейінірек бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қария қайтыс болғаннан кейін оның ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, марқұмның келініне қатысты да тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511  course up  601  course up  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети