Оңтүстік Қазақстанда ер адам әкесін өлгенше соққыға жыққан: прокурор алты жылға соттауды сұрады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда ер адам әкесін өлгенше соққыға жыққан: прокурор алты жылға соттауды сұрады

Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жықты деп айыпталған Алмас Садақбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жықты деп айыпталған Алмас Садақбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 қаңтарда Жетісай аудандық сотында тараптардың жарыссөзі өтті. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, туған әкесіне жасаған қатыгез әрекетін түсіндірді.

Сот хатшысы мәліметінше, прокурор айыпталушыға 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Сот кеңесу бөлмесіне кетті, үкім бүгін жарияланады.

Не болған?

Әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Кейінірек бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қария қайтыс болғаннан кейін оның ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, марқұмның келініне қатысты да тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.63  course up  587.97  course down  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети