Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Шымкент қаласында орналасқан 6698 әскери бөлімінде бүгін, 31 қаңтарда жаңа әскери қалашықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірік қолбасшылығының қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

Әскери қалашықта жауынгерлердің күнделікті қызметіне қажет нысандар мен жеке құрамға арналған жаңа казарма, офицерлер мен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерге арналған жатақхана бой көтерді.
Шымкенттің іргесінде орналасқан Леңгір қаласындағы әскери қалашық осындағы түзеу мекемесін күзететін әскери бөлім жауынгерлері үшін салынған болатын. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Шерімхан Шанбаев, Леңгір қаласының әкімі Болысбек Ешімбетов, өңірдегі мемлекеттік мекеме басшылары, ұлан ардагерлері қатысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Шерімхан Шанбаев бүгінде мемлекет тарапынан әскерге, әскери қызметшілерге үлкен көңіл бөлініп, мол мүмкіндіктер беріліп жатқанын айтады. "Ұлттық ұлан жауынгерлері алдағы уақытта да ел мен Елбасы сенімін ақтап, Отан тыныштығының қырағы сақшысы бола беретіні сөзсіз", - деді Шанбаев.
Сонымен қатар, осы шара үстінде 6698 әскери бөліміне қабылданған 70-тен астам жас жауынгер отанға адал қызмет етуге салтанатты жағдайда ант берді.