Оңтүстік Корея Қазақстанға 375 мың долларға гуманитарлық көмек жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Корея Қазақстанға 375 мың долларға гуманитарлық көмек жіберді Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Оңтүстік Корея Қазақстанға құны 375 мың доллар болатын гуманитарлық көмек жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Корея Қазақстанға құны 375 мың доллар болатын гуманитарлық көмек жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов Корея Республикасының үкіметі жіберген гуманитарлық көмекті Қазақстанға беру рәсіміне қатысты. Іс-шараға Кореяның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-Сок мырза және ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, доктор Кэролайн Кларинвиль қатысты.

Корея Республикасының үкіметі Қазақстанға COVID-19 жұқтырған науқастарға 72 оттегі концентраторы, 50 монитор және 111 000 дана FFP2 стандартты респираторлық қорғаныс маска жіберген. Гуманитарлық көмектің құны - 375 мың АҚШ доллары", - делінген хабарламада. 

Вице-министр - мемлекеттік бас санитар дәрігері корей сарапшыларына COVID-19-ға қарсы күресте гуманитарлық және консультациялық көмек көрсеткені үшін алғыс айтты. 

Денсаулық сақтау министрлігі Корея үкіметі Қазақстандағы медициналық мекемелерге COVID -2019 анықтау үшін  жедел тест тапсыру жағынан гуманитарлық көмек көрсеткенін еске салды. Биыл мамырда Алматы қаласында Medical Partners Korea корей компаниясының қолдауымен Оңтүстік Корея технологиясы бойынша құрылған коронавирус инфекциясын анықтау бойынша мобильді скрининг орталығы ашылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети