Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық сотталды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық сотталды - БАҚ Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Оңтүстік Кореяға заңсыз барған екі қазақстандық Таиланд азаматына шабуыл жасап, ақшасын тонағаны үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы жергілікті Daejeon MBC News телеарнасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телеарнаның мәліметі бойынша, Тэджон соты екі заңсыз иммигрант - Қазақстан азаматтарын - 4 жыл және 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Олар жезөкшелікпен айналысқан шетелдік мигрантқа шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп танылған. 

Сотталғандардың бірі 19 жаста екені белгілі болды. 

Былтыр желтоқсанда Тэджон қонақүйлерінің бірінде қазақстандықтар Таиландтан келген трансгендерге шабуыл жасап, миллион вон (350 мың теңгеге жуық) ұрлап кеткен және полицейлерге қарсылық көрсеткен. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети