Оңтүстік Кореяда қазақстандықтар үшін еңбек визасы пайда болуы мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда қазақстандықтар үшін еңбек визасы пайда болуы мүмкін Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрлері қазақстандықтарға еңбек визасын беру мүмкіндігін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрлері қазақстандықтарға еңбек визасын беру мүмкіндігін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Астанада Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Пак Чжин мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің екіжақты келіссөздері өтті.

"Халықтар арасындағы байланыстардың маңыздылығын ескере отырып, министр Пак Чжин екеуміз екі ел азаматтарының еңбек және көші-қон құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқыладық. Өз тарапымнан Қазақстан азаматтарының Кореяда заңды жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, әсіресе Қазақстанды "Кореяның" жұмысқа рұқсат беру жүйесіне қосу біздің еліміз үшін өте маңызды екеніне назар аудардым", - деді Мұрат Нұртілеу брифинг барысында.

Еске салайық, Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Пак Чжиннің Қазақстанға ресми сапары 30 мамыр мен 1 маусым аралығында жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети