30 наурыз 2023 | 14:05

Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың қашуы: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Yonhap Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяда шекарадан заңсыз өтпек болған Қазақстанның екі азаматы қамауда отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Кореяда шекарадан заңсыз өтпек болған Қазақстанның екі азаматы қамауда отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Оңтүстік Корея пабликтері мен әлеуметтік желілерден белгілі болды. Korea Komek мәліметінше, қазақстандықтар Түркістаннан.

"2002 және 2005 жылы туған қазақстандықтар 25 наурызда Өзбекстаннан Korea Air әуекомпаниясының ұшағымен Кореяға келген. Құжаттарының дұрыс болмауына байланысты кеден қызметкері оларды елге кіргізбей, депортацияны күту залына жіберген. Олар депортация рейсін күту кезінде, 26 наурызда таңғы сағат 4:20 шамасында әуежайдың ұшу-қону жолағы жанындағы үш метрлік қоршаудан асып, қашып кеткен", - делінген хабарламада.

Екеуі де өз істерін мойындап, туған жерінде отбасын асырау үшін жұмысқа ұшып келгендерін айтқан. Оңтүстік Корея полициясы оларды шекараны заңсыз кесіп өтіп, қашып кетті деп айыптады. Қазіргі уақытта екі азамат қамауға алынған.

Қордың қолдауымен бір қазақстандық жақында еліне қайтарылуы керек.

Корея билігінен 3 күн бойы жасырынып жүрген екінші қазақстандық алдағы 3 айды жергілікті түрмеде өткізеді. Корея заңы бойынша, Қазақстан азаматына 15 жылға дейін мерзім берілуі мүмкін, бірақ оның өз еркімен берілуі жауапкершілікті жеңілдететін жағдай ретінде ескеріледі.

Қазақстандықтардың жасаған қылмысы Оңтүстік Кореяда резонанс тудырғаны атап өтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети