Синоптиктер 2017 жылғы 20-22 маусымға ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2017 жылғы 20-22 маусымға ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Анамальды ыстық ауа райы оңтүстік, орталық және шығыс облыстарға орныққан. Егер де республиканың шығысы мен орталығында атмосфералық фронттарға байланысты қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр болып, осының әсерінен ыстықтың аздап әлсірегені байқалса, ыстық ауа-райы оңтүстік және оңтүстік шығыста әлі де сақталады, ауа температурасы нормадан 5-8ºС жоғары болады", - делінген болжамда.
Сондай-ақ, Батыс Сібірдің үстінде орналасқан циклонның оңтүстік перифериясы Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарына әсер ететіні болжанып отыр. Сондықтан, осы аймақтың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, қатты екпінді жел соғып, бұршақ болуы мүмкін. Ауа температурасы нормаға жақын болады деп болжанды.