Оппозициялық кандидат Нұрлан Әуесбаев баспасөз мәслихатын өткізе алмады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оппозициялық кандидат Нұрлан Әуесбаев баспасөз мәслихатын өткізе алмады Фото ©Tengrinews.kz

Оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан (ОСДП) президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев Астанада баспасөз мәслихатын өткізе алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан (ОСДП) президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев Астанада баспасөз мәслихатын өткізе алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Партияның Facebook желісіндегі парақшасында бүгін "Марден" бизнес орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты жоспарланғаны, бірақ оны өткізу мүмкін болмағаны туралы жазды.

"Біз науқан алдындағы іс-шаралардың аралық нәтижелерін жариялауды жоспарлаған болатынбыз. Бірақ іс-шара басталар алдында бізге бизнес орталығында төтенше жағдай жұмыстары жүріп жатқанын айтып, бізді мәжіліс залына кіргізбей қойды. Ал орталықтың басқа жалға алушылары қалыпты жағдайда жұмыстарын жалғастырды. Апаттың жойылуы оларға ешқандай әсер еткен жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети