ОҚО әкімі төтенше жағдай болған үйге барып қайтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО әкімі төтенше жағдай болған үйге барып қайтты Жансейіт Түймебаев

Шымкентте құлаған үйдің себептерін анықтау үшін комиссия құрылды. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев төтенше жағдай болған үйге барып қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте құлаған үйдің себептерін анықтау үшін комиссия құрылды. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев төтенше жағдай болған үйге барып қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

"Әр отбасыға 226 мың теңге көлемінде көмек көрсетілетін болады. Сондай-ақ, басқа да қаржылай көмек көрсетіледі. 6506 әскери бөліміндегілер бүгін өтетін жерлеу рәсімін өткізеді. Ал зардап шеккен басқа тұрғындарға қызметтік тұрғын үй берілді. Төтенше жағдайдың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды", - деді облыс әкім.

Алдын ала нұсқа бойынша, үйдің құлауына газ құралдарын орнатқан кездегі қателіктер себепб болған.

Айта кетейік, құлаған үй енді қалпына келтірілмейтін болды.

Еске салайық, 2017 жылдың 8 қаңтарында шамамен сағат 03.30-да Шымкент қаласында Халықтар достығы көшесінде орнадасқан екі қабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, екі қабатты үй қираған. Айта кетейік, үй толықтай қирап, жарамсыз болып қалған.

Қазіргі уақытта ауруханада осы оқиғадан зардап шеккен бір адам жатыр, тағы біреуі күйік шалғандардың орталығында. Алдын ала мәлімет бойынша, апаттың себебі газ баллонының жарылуы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети