ОҚО-да зорланды делінген бала: Анар Рақымбаева оның қазір қайда екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да зорланды делінген бала: Анар Рақымбаева оның қазір қайда екенін айтты Иллюстрация © smi44.ru

Оңтүстік Қазақстанда зорланды делінген бала қазір анасымен бірге Астанадағы "Асыл бала" қоғамдық қорының қамқорлығында. Бұл деректі қордың атқарушы комитетінің төрайымы Анар Рақымбаева растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда зорланды делінген бала қазір анасымен бірге Астанадағы "Асыл бала" қоғамдық қорының қамқорлығында. Бұл деректі қордың атқарушы комитетінің төрайымы Анар Рақымбаева растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Олар Астанадағы біздің дағдарыс орталығымызда. Оған қажетті барлық көмек көрсетіліп жатыр. 19 наурызда баласы мен анасы Алматыға ұшып шығады деп күтіліп отыр, олар ол жақта "Ана үйі" орталықтарының бірінде тұратын болады. Жақында халықаралық сарапшылардың қатысуымен сараптама жүргізу бойынша келісім жасалады. Барлық әрекет Бас прокуратура өкілдерінің қатаң бақылауында болады", - деді Рақымбаева брифингте.

Оның айтуынша, анасы мен баласы әлі де мемлекеттің қамқорлығында.

"Айта кетерлігі, біз дағдарыс орталығымыздың шеңберінде қауіпсіздік қызметінің жұмысын күшейттік", - деді ол.

Анасы мен баласының қорғаушысы Құрманғазы Мүсірдің айтуынша, 19 наурызда қылмыстық іс шеңберінде Бас прокуратура өкілдері мен құқыққорғаушылар кездеседі.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Желіде ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында жеті жасар бала зорланды деген ақпарат тараған. Баланы жабылып зорлағандар жоғары сыныптың оқушылары болуы мүмкін. Қазір бұл оқиға қызу талқыланып жатыр. Сонымен қатар, бірнеше полицей қызметінен босатылды. Бұл істі Бас прокуратура өз қолына алды.

Айта кетейік, баланың анасы мемлекеттік қамқорлықтан бас тартып, тәуелсіз сараптама жасау үшін ұлын Алматыға апаруға шешім қабылдады. ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Бәлиеваның айтуынша, анасының баласына қатысты барлық құқығы бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети