ОҚО-да зорлық құрбаны болған 13 жастағы қыз мектептен қуылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да зорлық құрбаны болған 13 жастағы қыз мектептен қуылып жатыр © abakan-news.ru

Оңтүстік Қазақстан облысында зорлық құрбаны болған 13 жастағы оқушы қыз мектептен қуылып жатыр. Бұл туралы қыздың шешесі журналистер мен қоғам белсенділеріне айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында зорлық құрбаны болған 13 жастағы оқушы қыз мектептен қуылып жатыр. Бұл туралы қыздың шешесі журналистер мен қоғам белсенділеріне айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың шешесінің айтуынша, Ордабасы ауданында тұратын жасөспірім зорлық құрбаны болған. Осыдан кейін оған аудандық мектепте оқуға мүмкіндік бермей, кейін Шымкенттегі интернаттан де қуып жатыр екен. 

"Мұның алдында ауданда білім бөлімінің мамандары қызымның олардан, жергілікті әкімдіктен көмек алғаны және ешқандай да шағымым жоқ екені жайлы қолхат жазып беруге мәжбүрледі. Қызымды мектептен шығарып алуыма тура келді. Енді міне, шымкенттік мектептен де құжаттарын алып кетсін деп жатыр", - дейді қыздың анасы.

Заңгер Айгүл Орынбектің айтуынша, мұғалімдер зорлық құрбаны болған қызбен жұмыс істеуден қауіптеніп отыр. Ол қыздың анасына интернаттан құжаттарын алып, жаңа мектепке орналасуына қолғабыс етіп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети