Оқулықтарды латыннегізді әліпбимен қайта басып шығаруға ақшаны кім бөледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқулықтарды латыннегізді әліпбимен қайта басып шығаруға ақшаны кім бөледі © Тұрар Қазанғапов

Латын әліпбиі негізіндегі мектеп оқулықтарының қандай ақшаға қайта басып шығарылатыны белгілі болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі  "Оқулық" орталығының директоры Шолпан Каринова айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР БҒМ латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшу жөніндегі жұмыс тобына кіреді. Терминология және әдістеме мәселелері бойынша комиссияның бірнеше отырысы өтті, оның ішінде мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету, мұғалімдерді дайындау және оқушылардың өзін осы оқулықтарға дайындау. Нөлдік сынып оқушыларының оқулықтары 2020 жылдан бастап қана латын графикасы негізінде шығарылады. Мемлекет тарапынан ешқандай шығын болмайды. Бүгінде басылым осы мәселемен айналысып жатыр", - деді Шолпан Каринова брифинг барысында.

Оның айтуынша, бүгінде орыс тіліндегі бес "Әліппе" және "Букварь" оқулығы апробациядан өтіп жатыр. Педагогтер осы оқулықтармен таныса алады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети