Оқушының өлімі үшін мектеп директорына сөгіс жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқушының өлімі үшін мектеп директорына сөгіс жарияланды №76 мектеп-лицейінің директоры Раушан Күшібаева. ©ТengrinewsTV

Астана қаласы білім басқармасы бастығының орынбасары мен 8-сынып оқушысы сыныптасын өлтірген мектептің директорына сөгіс жарияланды, бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласы білім басқармасы бастығының орынбасары мен 8-сынып оқушысы сыныптасын өлтірген мектептің директорына сөгіс жарияланды, бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

"Комиссия жұмыс істеп жатыр, бүгінде шешім қабылданды, адамдар жазаланды. Біз құрған комиссия шеңберінде мектеп директоры мен білім басқармасы бастығының орынбасары сөгіс берілді", - деді министр журналистерге 26 қыркүйек күні Астанада. 

"Біздің әкімшілік шараны ғана қолданатынымыз түсінікті, ал қылмыстық іс - құқық қорғау органдарының құзырындағы іс, бірақ біз министрлік ретінде бұл жағдайға ерекше мән беруіміз керек. Біз мектептерде тәрбие жұмысында, балалармен жұмыс істеуде тұтас алғанда не болып жатқанын қарауымыз қажет. Сондықтан комиссия мәселенің әкімшілік жағын ғана емес, сонымен бірге, тәрбиелік жағына да мән беретін болады", - деді Сәрінжіпов.

Астанада №76 орта мектептің 8-сынып оқушысы сабақ үстінде сыныптасының кеуде тұсына қаламсап сұғып алған болатын. Оқушы алған жарақатынан қайтыс болды.

Соққы жасаған оқушының психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны анықталды. Бұл іс бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети