Орал қалалық сотының төрағасы қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал қалалық сотының төрағасы қамауға алынды Фото: zko.sud.kz

Оралда қалалық сот төрағасы Руслан Жұмағұлов қамауға алынды. Бұған дейін судья ұсталғаны туралы ақпарат БАҚ-та пайда болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда қалалық сот төрағасы Руслан Жұмағұлов қамауға алынды. Бұған дейін судья ұсталғаны туралы ақпарат БАҚ-та пайда болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Жұмағұловты қамауға алуға санкция беру туралы өтінішті Астананың тергеу соты қараған.

"6 қарашада сотқа аға тергеушінің Руслан Жұмағұловқа қатысты 10 тәулік мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініші келіп түсті", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы бойынша, арыз қанағаттандырылды.

"Тергеу сотына адвокаттарға қатысты материалдар түскен жоқ", - деп түсіндірді ведомство.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Руслан Жұмағұлов төраға болып 2019 жылдың 31 желтоқсанында тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети